19 наурыз күні 2025 жылы М.Горький атындағы мәдениет және демалыс саябағында «Наурыз – Жаңару!» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараға Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары мен бөлімшелері қатысты. Қонақтар домбыра, хор және би ансамбльдерінің өнерін тамашалап, ұлттық қолөнер мен шығармашылық жұмыстарының көрмесін аралады. Сонымен қатар, Наурыз көже мен бауырсақтан дәм татып, мейрамның ерекше атмосферасын сезінді.