Меню

Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Алматы қаласының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталуы туралы

 

Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Алматы қаласының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ (бұдан әрі – Орталық)  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес 2026 жылғы 26 маусым мен 27 шілде аралығында Басқарманың қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланғанын хабарлайды:

 

1) талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

 

2) персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды айқындау;

 

3) мүдделер қақтығысын реттеу;

 

4) мемлекеттік қызметтер көрсету;

 

5) рұқсат беру функцияларын іске асыру;

 

6) бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу;

 

7) жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу;

 

8) ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану;

 

9) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілер туралы мәліметтер, сондай-ақ талданатын саланы жетілдіру бойынша ұсыныстар болған жағдайда, 2026 жылғы 10 шілдеге дейін ақпаратты келесі электрондық поштаға жіберуді сұраймыз: cad-almaty@mail.ru metodist.2022.cad@mail.ru , WhatsApp– 8 707 500 85 90 , № 4 кабинет, ғимараттың мекен-жайы: 050021, Алматы қ., Мауленов 46А.

 

Келіп түскен ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады. Құпиялылық пен анонимділікке кепілдік беріледі.

 

Сұрақтар туындаған жағдайда 8 707 500 85 90 телефоны бойынша хабарласуға болады.

Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының
«Алматы қаласының белсенді ұзақ өмір орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
SemStar