Алматыда мерекелік концерт өтті
2026 жылғы 23 қазанда Алматы қаласының «Белсенді ұзақ өмір орталығында» Республика күні мен Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне арналған мерекелік концерт өтті.
Орталықтың қызмет алушылары қатысқан концертте «Сырлы саз» домбыра ансамблі, «АлмаMusic» вокалдық ансамблі, «Алматы әжелері» модельдер тобы, «Махаббат», «Медеу», «Гармония» және «Таңсұлу» би ансамбльдері өнер көрсетті. Скрипкашы Сейтхан Нұрдәулет музыкалық шығармалар орындады.