«Көп жылдардан соң өнерге» - Алматыда ерекше көрме ашылды!
«Көк-Төбе» паркінің алаңында салтанатты түрде көрме ашылды. Мегаполис тұрғындары мен қонақтарына өз туындыларын Алматы қаласының «Белсенді ұзақ өмір орталығы» КММ Бостандық бөлімшесінің кескіндеме-сурет салу тобының талантты суретшілері ұсынды. Қазіргі таңда олар өз ісінің нағыз шебері, жас та болса тәжірибелі маман Мақпал Сиезқанқызы Құдабаеваның шәкірттері. Күміс жастағы, керемет туындылардың авторлары қылқалам мен қарындашты алғаш рет осы орталыққа келгеннен кейін ғана қолдарына алғанына сену және оларды «тәжірибесіз» деп айту өте қиын. Өйткені олар бұған дейін, 2025-2026 жылдары, қаламыздың танымал мәдени орталықтарында - атап айтқанда, «Art Galaxy Alma-Ata» галереясы мен Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейінде өткен топтық көрмелерге қатысып, өнер сүйер қауымның жоғары бағасын алып үлгерген.
Бүгінгі қойылған экспозиция - шығармашылық пен сұлулыққа деген махаббаттың жас таңдамайтындығының шынайы үлгісі. Әрбір туынды «Күміс жастағы» талантты шеберлеріміздің жылдар бойы жүректерінде сақтап келген ерекше шынайылығына, даналығына және өмірдің жарқын бояуларына толы. Оңтүстік астанамыздың тұрғындары мен қонақтарын өнерден ләззат алуға және ғажайып шеберлерімізге қолдау көрсету үшін Көк-Төбеге көтерілуге шақырамыз!