Меню

Зейін мен шеберлік бәсекесі: «Белсенді ұзақ өмір орталығында» шахмат турнирі өтті!

Халықаралық қарттар күніне және Қарттар айлығына орай, Алматы қаласы «Белсенді ұзақ өмір орталығының» Бостандық бөлімшесінде ерекше шара ұйымдастырылды. Орталықтың қызмет алушылары арасында нағыз зияткерлік бәсеке - шахматтан турнир өтті! ✨ Турнирді ұйымдастырушы, орталықтың шахмат пен тоғызқұмалақ курсының нұсқаушысы Құмар Нұрлан Бақдәулетұлы. Бұл сайыста аға буын өкілдері өздерінің логикасын, стратегиялық ойлау қабілетін және ерекше зейінін көрсетіп, тартысты әрі қызықты ойын сыйлады.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар:
Ерлер арасында:
• І орын: Куанышбеков Сатжан
•ІІ орын: және Дедюхин Леонид
•ІІІ орын: Галиев Рамиль
Әйелдер арасында:
•І орын: Сон Зоя
•ІІ орын: Дускенова Алия
•ІІІ орын: Ушбаева Бакытгуль
Барлық жеңімпаздар мен қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің белсенділіктеріңіз, өмірге деген құштарлықтарыңыз бен спорттық рухтарыңыз жастарға үлкен үлгі! Аға буын өкілдеріне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және алдағы уақытта да тек биік белестерді бағындыра беруді тілейміз!
image-13-10-26-05-47-2
image-13-10-26-05-47-1
image-13-10-26-05-47
Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының
«Алматы қаласының белсенді ұзақ өмір орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
SemStar