Меню

8 қыркүйек 2026 жылы Алматы қаласы Белсенді ұзақ өмір орталығының Медеу бөлімшесінде Отбасы күніне орай қазақ тілінен ашық сабақ өтті.

 
Ашық сабақты қазақ тілі маманы Бөрткенова Райхан Жұмажанқызы жүргізді. Сабақ барысында отбасының адам өміріндегі орны, ата-анаға деген құрмет, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу сияқты ұлттық әрі отбасылық құндылықтар кеңінен насихатталды.
Сабақ барысында мақал-мәтелдер айтылып, отбасы туралы жылы естеліктер мен ой-пікірлер ортаға салынды.
Ашық сабақтың басты мақсаты — отбасы құндылықтарын дәріптеу, ұрпақтар сабақтастығын нығайту және ана тілімізге деген сүйіспеншілікті арттыру.
Осындай мазмұнды әрі танымды сабақ қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, жақсы әсер қалдырды.
Отбасы — әр адамның жүрегіне жылу сыйлайтын, өмірдегі ең қымбат мекен.
Берекелі шаңырақта әрдайым татулық, сыйластық пен сүйіспеншілік орнасын!
image-13-10-26-01-20
image-13-10-26-01-21-1
image-13-10-26-01-21-2
image-13-10-26-01-21
Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының
«Алматы қаласының белсенді ұзақ өмір орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
SemStar