Freedom Bank-пен бірлескен Ашық есік күні
2026 жылғы 9 қазанда Алматы қаласындағы «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ-нің төрт бөлімшесінде Freedom Bank-пен бірлескен Ашық есік күні өтті.
Іс-шара Балуан Шолақ, Бостандық, Қалалық және Медеу бөлімшелерінде ұйымдастырылды. Freedom Bank өкілдері әр бөлімшеге барып, қызмет алушылармен кездесулер мен кеңестер өткізді.
Іс-шараға барлығы 200 адам қатысты: әр бөлімшеден 50 адамнан. Кездесудің мақсаты — аға буын өкілдерінің қаржылық сауаттылығын арттыру, заманауи банк қызметтері туралы пайдалы ақпарат беру және қаржылық қауіпсіздік мәселелеріне назар аудару.