Меню

Бүгін «Агрокраудсорсинг» жобасының маусымдық жабылуы өтті!

 
Жаз бойы еңбектеніп, баптап өсірген өнімдерімізді бірге жинап, табиғат аясында көтеріңкі көңіл-күймен мерекелік шара өткіздік.
Мерекелік бағдарлама ән мен биге, өнерлі келушілеріміздің концерттік қойылымдарына ұласып, баршаға ерекше көңіл-күй сыйлады.
Кең дастарқан жайылып, дәмді тағамдар ұсынылып, көпшілікке жылы әрі жайлы орта қалыптасты.
Жаз бойы белсенді еңбек етіп, жақсы нәтижеге қол жеткізген үздік келушілеріміз сыйлықтармен марапатталды.
«Агрокраудсорсинг» жобасы қатысушыларымыздың белсенділігін арттырып қана қоймай, таза ауада қозғалыс жасауға, жақсы көңіл-күй қалыптастыруға және жаңа достық қарым-қатынастар орнатуға мүмкіндік берді.
Жобаның әр күні — еңбек, береке, қуаныш пен жақсы естеліктерге толы болды!
Баршаңызға белсенділіктеріңіз бен еңбектеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз!
image-18-09-26-09-58
image-18-09-26-09-58-8
image-18-09-26-09-58-9
image-18-09-26-09-58-10
image-18-09-26-09-58-3
image-18-09-26-09-58-5
image-18-09-26-09-58-6
image-18-09-26-09-58-7
image-18-09-26-09-58-4
image-18-09-26-09-58-1 (1)
image-18-09-26-09-58-2 (1)
image-18-09-26-09-58 (1)
image-18-09-26-09-58-1
image-18-09-26-09-58-2
Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының
«Алматы қаласының белсенді ұзақ өмір орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
SemStar