III Республикалық мобильді фотосуреттер байқауы
«Назарда – менің әлемім!»
Алматы қаласында Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің Күміс университетінде «Назарда – менің әлемім!» атты III республикалық мобильді фотосуреттер байқауының финалдық кезеңі сәтті өтті.
Іс-шара Алматы қаласының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығымен бірлесіп ұйымдастырылды. Байқау «Күміс университет» бағдарламасы аясында өткізілді және егде жастағы азаматтарды білім беру, мәдени және шығармашылық қызметке белсенді тартуға бағытталған.
Байқауға Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қызмет алушылары және еліміздің түрлі өңірлерінен келген «Күміс университет» тыңдаушылары қатысты. Барлығы 94 қатысушыдан 261 фотосурет ұсынылды. Қатысушылардың шығармашылық белсенділігі мен жұмыстардың жоғары деңгейі атап өтілді.
Финал барысында үздік фотожұмыстар көрмесі ұйымдастырылып, жеңімпаздар мен номинанттарға марапаттар табысталды.