Сіздерді Халықаралық отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бүгін Халықаралық отбасы күніне орай «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында» отбасылық құндылықтарды дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған концерт өткізілді. Мерекелік бағдарлама жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар өз өнерлерін көрсетіп, шығармашылық жетістіктерін паш етті.
Іс-шара барысында орталық басшылығы тарапынан құттықтау сөздер айтылып, қатысушыларға жылы лебіздер мен алғыс білдірілді. Кеш мазмұнды әрі көркем деңгейде өтіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Бұл мереке барша жанұяға қуаныш, бірлік пен береке әкелсін!