Баннер
Меню

Бүгін, 17.03.2026 жылы Алматы қаласы Белсенді ұзақ өмір орталығы Медеу бөлімшесінде Көрісу күніне арналған «Көрісу-Амал мерекесі» атты достық кездесу өтті.

Бұл күн – адамдардың бір-бірімен амандасып, өкпе-ренішті ұмытып, ізгі тілектер айтатын ерекше мереке. Орталығымыздың қатысушылары өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, би билеп, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. 
Кездесу барысында жайылған ақ дастархан басында жиналған қауым бір-біріне ақжарма тілектерін арнап, мейірім мен жылулыққа толы сәттерді бірге бөлісті. 
Осындай игі шаралар адамдар арасындағы сыйластық пен бірлікті нығайтып, рухани құндылықтарымызды дәріптей түседі.
Баршаңызды Көрісу күнімен құттықтаймыз!
Ақ мол болсын, көңілдеріңіз шаттыққа толы болсын!
PHOTO-2026-04-13-23-03-08
PHOTO-2026-04-13-23-03-07 (2)
PHOTO-2026-04-13-23-03-07 (1)
PHOTO-2026-04-13-23-03-07
Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының
«Алматы қаласының белсенді ұзақ өмір орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
SemStar