Баннер
Меню

Бүгін, 18.03.2026 жылы Алматы қаласы Белсенді ұзақ өмір орталығы Медеу бөлімшесінде қызмет алушымыз Мельникова Нина Ивановнаның «Менің өмір туралы көзқарасым» атты жеке көркем шығармалар көрмесі ашылды.

Көрмеде автордың көп жылғы еңбегі мен шығармашылық ізденісінің жемісі болып табылатын бірегей туындылары көпшілік назарына ұсынылды. Әрбір картинадан өмірдің сан алуан кезеңдері, терең ой мен шынайы сезім, қоршаған әлемге деген ерекше көзқарас айқын сезіледі. Нина Ивановнаның шығармаларынан оның бай өмірлік тәжірибесі, нәзік талғамы мен өнерге деген шексіз сүйіспеншілігі көрініс табады.
Іс-шара барысында келушілер автордың шығармашылық әлеміне терең бойлап, әр туындының өзіндік мәні мен мазмұнын сезіне білді. Қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, жылы лебіздерін арнап, авторға шабыт пен шығармашылық табыс тіледі.
Көрме наурыз айының 31-іне дейін жалғасады.
Келіп, өнердің әсем әлемінен әсер алыңыздар!
PHOTO-2026-04-13-23-02-34
PHOTO-2026-04-13-23-01-50 (2)
PHOTO-2026-04-13-23-01-50 (1)
PHOTO-2026-04-13-23-01-50
PHOTO-2026-04-13-23-01-49 (1)
PHOTO-2026-04-13-23-01-49
Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының
«Алматы қаласының белсенді ұзақ өмір орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
SemStar