- Басты бет
- Жаңалықтар
- Іс-шаралар
- 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай, Саулет Төлегенқызының жетекшілігімен «Сырлы саз» домбыра ансамблінің есеп беру концерті өтті
1 наурыз – Алғыс айту күніне орай, Саулет Төлегенқызының жетекшілігімен «Сырлы саз» домбыра ансамблінің есеп беру концерті өтті
Алғыс айту күні – бір-бірімізге ризашылығымызды білдіретін ерекше мереке. Осындай мәні терең күнде өткен концерт те ерекше әсерге толы болды. Күй күмбірі жүрекке жетіп, ұлттық өнердің құдіретін тағы бір мәрте сезіндірді.
Әрбір шәкірттің өнерінен еңбек пен талпыныс, сахнадағы сенімділік пен домбыраға деген сүйіспеншілік көрінді. Ансамбль мүшелеріне шығармашылық табыс тілейміз!
Саулет Төлегенқызына шәкірт тәрбиелеудегі еңбегі, кәсібилігі және ұлттық өнерге қосқан үлесі үшін алғысымыз шексіз
Ұлттық құндылықтарымыз дәріптеле берсін, күй өнері мәңгі жасасын!