Баннер
Меню

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі құрметіне орай «Белсенді ұзақ өмір орталығының» Бостандық бөлімшесінде «Қош келдің-Әз-Наурыз!» атты ерекше концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараға Корей елінің «ChorogUsan» еріктілер ұйымының өкілдері қатысып, орталықтың қызметімен танысумен қатар, концерттік бағдарламаның құрметті қонағы болды. «ChorogUsan» -бұл Оңтүстік Кореяда 1948 жылы құрылған ең көне және ең құрметті қайырымдылық ұйымдардың бірі. Бүгінгі кеш ұлттық дәстүр мен ұлттық мәдениетті, ұлтаралық достықты дәріптеуге бағытталды. Концерттік бағдарлама өте қызықты және алуан түрлі болды. Көрермендердің ыстық ықыласына бөленген домбырашылар ансамблі күмбірлеген күй шертсе, бишілер мың бұрала би биледі, әншілер тамылжытып ән салды. Концерт жоғарғы деңгейде өтті. Мерекелік іс-шараға 147 адам қатысты.

PHOTO-2026-04-13-20-46-51 (4)
PHOTO-2026-04-13-20-46-52
PHOTO-2026-04-13-20-46-51 (3)
PHOTO-2026-04-13-20-46-51 (2)
PHOTO-2026-04-13-20-46-51 (1)
PHOTO-2026-04-13-20-46-51
Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының
«Алматы қаласының белсенді ұзақ өмір орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
SemStar