Баннер
Меню

2026 жылғы 8 сәуірде Satbayev University базасында «Күміс университет» жобасы аясында фотокөрме сәтті өтті.

 Іс-шараны Білім беруді цифрлық трансформациялау орталығы (Автоматика және ақпараттық технологиялар институты – ААжАТИ) мен Алматы қаласының Белсенді ұзақ өмір орталығы бірлесіп ұйымдастырды.
Бұл жоба – қарт адамдардың өздері түсірген фотожұмыстардан тұратын көрме. Негізгі мақсат – аға буынның шығармашылық әлеуетін ашу, олардың өмірлік тәжірибесін жастарға жеткізу және қоғамда белсенді өмір салтын насихаттау.
Көрменің тақырыбы – «Күміс университет». Экспозицияда қатысушылардың күнделікті өмірі, қызығушылықтары мен шығармашылық көзқарасы көрініс тапқан. Фотокөрмеге I және II фотобайқау қорытындысы бойынша іріктелген үздік жұмыстар енгізілді.
Іс-шараға Белсенді ұзақ өмір орталығының қызмет алушылары, студенттер және өнер сүйер қауым қатысты. Көрме ұрпақтар арасындағы мәдени байланысты нығайтып, фотография өнеріне деген қызығушылықты арттырды.
Ұйымдастырушылар: Satbayev University, Автоматика және ақпараттық технологиялар институты (ААжАТИ), Білім беруді цифрлық трансформациялау орталығы, «Күміс университет» жобасы.
PHOTO-2026-04-08-19-02-33(1)
PHOTO-2026-04-08-19-02-33
PHOTO-2026-04-08-19-02-34(1)
PHOTO-2026-04-08-19-02-34
Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының
«Алматы қаласының белсенді ұзақ өмір орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
SemStar