Белсенді ұзақ өмір орталығы «Балуан Шолақ» ұлттық ойын тоғызқұмалақ бойынша турнир өткізді
Орталықтың белсенді зейнеткерлері қызығушылықпен қатысып, өздерінің стратегиялық ойлау қабілеттері мен білімдерін көрсетті.
Турнир достық пен өзара құрмет атмосферасында өтті. Барлық қатысушылар естелік грамоталар мен медальдармен марапатталды.
Мұндай шаралар қатысушыларды белсенді өмір сүруге, жаңа дағдыларды дамытуға және зияткерлік ойлауды жетілдіруге ынталандырады.