Сабақты қазақ этнодизайнері, «URSHYK» республикалық қолөнершілер қоғамдық бірлестігінің мүшесі, екі дүркін Гиннестің әлемдік рекордының иегері, көркем еңбек пәнінің педагог-зерттеушісі Гүлназ Қадырбайқызы Тоқабаева жүргізді. Қатысушылар батик өнерінің тарихымен танысып, түйінделген және суық батик техникасын меңгеріп, өздерінің шығармашылық жұмыстарын жасады. Шеберлік сабағы жылы әрі шабытқа толы атмосферада өтіп, қатысушыларға жаңа білім, шығармашылық көңіл күй және жарқын әсер сыйлады.