Бостандық ауданының Белсенді ұзақ өмір орталығының бөлімшесінде 16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мерекелік концерт өтті.
Бостандық ауданының Белсенді ұзақ өмір орталығының бөлімшесінде 16 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мерекелік концерт өтті.
Бұл күн орталықтың қадірлі қатысушылары үшін ерекше әсерге толы болды: отансүйгіш әндер шырқалып, жүрекжарды құттықтаулар мен ел дамуына үлес қосқан аға буынға алғыс сөздер айтылды. Іс-шара патриоттық рухқа, бірлік пен жылылыққа толы өтті.
Тәуелсіздік күні — еркіндік пен бейбітшіліктің, жарқын болашақтың символы. Әр шаңыраққа амандық, береке және болашаққа сенім тілейміз!
Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Алматы қаласының белсенді ұзақ өмір орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі