2025 жылдың 31 қазанында Алматы қаласының Белсенді ұзақ өмір орталығында зейнеткерлерге арналған дәстүрлі III Ұзақ өмір фестивалі жоғары деңгейде өтті.
Фестиваль бағдарламасына би, домбыра және хор топтарының концерті, театрландырылған көріністер мен егде жастағы модельдердің сән көрсетілімі енді. Сондай-ақ орталық қызмет алушыларының қолдан жасалған бұйымдары мен шығармашылық жұмыстарының көрмесі ұсынылды.
Іс-шараға 800-ден астам көрермен қатысып, 350-ге жуық қатысушы өз өнерлерін ортаға салды. Фестиваль көрермендерге ерекше әсер сыйлап, белсенді қарттықты насихаттаудың үлгілі алаңына айналды.
Белсенді ұзақ өмір орталығының қызмет алушылары Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жаубасов Бауыржан Жанатұлына, орталық директоры Сәуле Станиславқызына, директордың орынбасары Алма Құрманқызына, сондай-ақ орталық ұжымына шын жүректен алғыс білдіреді. Олардың қолдауы мен ұйымдастырушылық еңбегінің арқасында фестиваль жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар мен көрермендерге қуаныш пен шабыт сыйлады.
Қызмет алушылар фестивальге белсене қатысып, өз өнерлерін ортаға салған барлық қатысушыларға да алғыс айтады. Олардың өмірге деген құштарлығы мен белсенді көзқарасы көпшілікке үлгі болды.
Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Алматы қаласының белсенді ұзақ өмір орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі