Алматылық «Ажелер», «Махаббат» және «Медеу» би ұжымдары Қытайда өткен халықаралық байқауда топ жарды!
Халықаралық “Ұлы Жібек жолы” конкурсына қатысқан Алматы қаласының шығармашылық ұжымдары — «Ажелер» тобы, «Махаббат» және «Медеу» би ансамбльдері сән және би аталымдары бойынша Гран-при иеленді!
Байқауда ерекше өнер көрсеткен ұжымдарымыз ұлттық мәдениет пен өнерімізді әлемге паш етті.
Ұжым жетекшілері: З. Ищанова мен Н. Алимбек.
Құттықтаймыз! Бұл жеңіс — үлкен еңбектің және таланттың жемісі!