Меню

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы халықаралық сахнада!

2025 жылғы 27 маусымда Қырғызстан Республикасы, Чолпон-Ата қаласындағы «Рух-Ордо» мәдениет орталығында «Қырғызстан шұғыласы» атты V мерейтойлық халықаралық би байқау-фестивалі өтті. Іс-шараны ұйымдастырған – Қырғыз Республикасының халықтық және эстрадалық би федерациясы және Қырғыз-қазақ хореографтар қауымдастығы. Федерация президенті – Қылымбек Бешекеевич Жұмаділов. Алматы қаласының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының “Айналайын” би тобы байқауға қатысып, екі номинацияда да ең жоғары наградаларды жеңіп алды:
•«Қазағымай»
•«Шахерезада (Шығыс ертегісі)»
Екі биші хореографиясы үшін де бірінші орын алды.
Бұл фестиваль – би ұжымдарын қолдап, хореографияны дамытуға және халықаралық достықты нығайтуға бағытталған. Шынайы шабыт пен қуанышқа толы жарқын мереке болды!
image-01-07-25-07-29
Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының
«Алматы қаласының белсенді ұзақ өмір орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
SemStar