Меню

8 мамыр күні Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Жеңіс күніне арналған «Жеңісті мәңгі асқақтатамыз» атты мерекелік концерт өтті.

Шара барысында орталықтың қызмет алушылары соғыс жылдарын еске алып, ата-бабаларымыздың ерлігін сахналық көріністер арқылы көрсетті. Қатысушылар қолдарына өз ата-аналарының портреттерін ұстап шығып, соғыс кезіндегі қиын сәттерді еске түсірді. Бұл көріністер көрермендердің жүрегіне терең әсер қалдырды.
Концерт барысында патриоттық әндер шырқалып, түрлі билер орындалып, мерекелік көңіл-күй ерекше рух сыйлады.

Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының
«Алматы қаласының белсенді ұзақ өмір орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
SemStar