Жапонияға ресми сапар жалғасуда
5–11 мамыр аралығында Токио – Осака – Киото бағытында Жапонияға ресми жұмыс сапары өтіп жатыр. Сапардың басты мақсаты – белсенді ұзақ өмір сүру, сауықтыру және егде жастағы адамдарды әлеуметтік қолдау мәселелерін зерделеу.
Бағдарлама аясында келесі кездесулер өтті:
– Tokyo Shigoto Center – жұмыспен қамту және қолдау орталығы
– Setagaya Silver Center – зейнет жасындағы азаматтарға арналған қолдау орталығы
– Rakuccha сауықтыру және алдын алу орталығы
– Киото ұзақ өмір сүру орталығы
Жапон тәжірибесі зейнет жасындағы азаматтардың белсенді, дені сау және тәуелсіз өмір сүруіне жағдай жасаудың маңыздылығын көрсетіп отыр. Қоғамдық өмірге тарту, инфрақұрылым және қолдау түрлері талқылануда.
Алда – жаңа кездесулер мен тәжірибе алмасу жалғасады.