Меню

14 НАУРЫЗ – КӨРІСУ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! 

14 НАУРЫЗ – КӨРІСУ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! 
Бүгін Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында ұмытылмас мерекелік шара өтті! Көрісу және Амал күніне орай, орталықтың хор және домбыра ұжымы ерекше концерт қойып, жиналған қауымға тамаша көңіл-күй сыйлады.
Бұл күні үлкен-кіші бір-бірімен көрісіп, амандық тілеп, ұлттық өнеріміздің сырлы әуенімен сусындады. Күй күмбірлеп, ән қалықтаған әсерлі кеш жүректерге жылулық ұялатты.
Халқымыз үшін аса қымбат бұл мейрам – ынтымақ пен бірліктің, сыйластық пен құрметтің символы. Ұлыстың ұлы күні жақындағанда, осындай игі шаралар баршамызға рухани қуат береді!

Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының
«Алматы қаласының белсенді ұзақ өмір орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
SemStar