Меню

Наурыз – Жаңару!

19 наурызда Алматы қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағында “Наурыз – Жаңару!” атты мерекелік іс-шара өтті!
Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары мен бөлімшелерінің қатысуымен өткен бұл шарада домбыра, хор және би ансамбльдері өнер көрсетіп, ұлттық қолөнер мен шығармашылық жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды. Қонақтар Наурыз көже мен бауырсақтан дәм татып, мейрамның ерекше атмосферасын сезінді.
Бұл мереке – тек көктемнің келуін емес, сондай-ақ жаңару мен рухани бірлікті бейнелейді. Баршаңызды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймыз!

Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының
«Алматы қаласының белсенді ұзақ өмір орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Сайтты әзірлеу
SemStar