«Қызғылт қазан» — әйелдер денсаулығын қорғау айлығы
Алматы қаласының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында «Қызғылт қазан» халықаралық ақпараттық науқаны аясында сүт безі обырының алдын алу және ерте анықтау тақырыбында танымдық дәріс өтті.
Дәрісті Алматы қаласы әкімінің гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі кеңесшісі, Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Шалабаева Айгүл Дүйсеновна өткізді.
Кездесу барысында қатысушылар әйелдер денсаулығын сақтау, аурудың алдын алу, ерте диагностиканың маңыздылығы туралы маңызды ақпарат алып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Өз денсаулығыңа қамқорлық жасау — белсенді әрі ұзақ өмір сүрудің маңызды қадамы.