- Басты бет
- Жаңалықтар
- Іс-шаралар
- Алматы қаласы Белсенді ұзақ өмір орталығының Медеу бөлімшесінде «Алматы – ең алғашқы махаббатым» атты қала күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Алматы қаласы Белсенді ұзақ өмір орталығының Медеу бөлімшесінде «Алматы – ең алғашқы махаббатым» атты қала күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Мерекелік шара барысында орталығымыздың талантты келушілері ән айтып, би билеп, домбырада күй тартып, мюзикл қойып, өз өнерлерін ортаға салды.
Алматы — әр жүрекке жақын, тарихы терең, көркіне көз тоймайтын әсем қала.
Оңтүстік астанамыз — Алматының туған күні құтты болсын!
Баршаңызға бейбіт аспан, мейірімділік, өзара сыйластық және өсу мен даму үшін мол мүмкіндіктер тілейміз.
Қаламыз күннен-күнге гүлденіп, көркейе берсін!
Алматының әрбір тұрғыны мен қонағы сүйікті қаламыздың әр сәтінен қуаныш тауып, шаттыққа бөлене берсін!